Жаңалықтар

Ашық күнде көз жазып қалдық!

Тұрлаусыз өмір кімге опа берген. Міне, алдымызда жүрген, бетке ұстап жүрген ағамыз да кете барды. Осыдан екі күн ғана бұрын ақын Абзал Бөкеннің Кеншілердің Мәдениет сарайында өткен шығармашылық кешінде бірге болып едік. Сол кештегі бейнесі әлі көз алдымда. Таяғына сүйеніп, қисайып отырған бейнесі қайта-қайта есіме орала береді. Бұрынғы Қасым ағамыз сол қалпында, ешқандай ауру-сырқау­дың белгісі байқалмаған сияқты еді. Бұл қалай болды екен? Жүрегі неге шыдамай кетті екен?

Сурет: сайт мұрағатынан

Қаскең ағамыз Арқа журналистикасының ардагері, оның ішінде, Ақтоғайдың қаламгерлерінің алдындағы беткеұстар бағдаршамы еді. Кезінде Қаскеңе қарап ой түзеп, Қаскеңе қарап бой түзеп едік. Қаламды қалай ұстауды осы ағамыздан үйреніп едік. Атақты Нарманбет Орманбетұлының немересі Қасым Ыхметұлының да ақындығы бір төбе болатын. Оны екінің бірі біле бермейді. «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағын алғанда («Ештен  кеш жақсы») қуанғаннан бөркін аспанға атқандардың бірі мен едім. Өйткені, Қаскең ағам тұнып тұрған шежіре ғой. Қай уақытта сұрасаң да, Ақтоғайға қатысты қандай сұрақ болса да іркілмей айтып беретін.

Алланың жазуына не шара? Ортамызда, таудай болып төрімізде отырғанының өзі қандай еді? Отырған орнының өзі мен үшін бір бөлек еді. Ашық күнде адасып қалдық. Қош, қадірменді Қасым аға! Бақұл бол! Біз өзіңізді ұмытпаймыз!

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button