ЖаңалықтарАймақҚарағанды
AMANAT партиясы қарағандылықтарды экоакцияға қатысуға шақырады
AMANAT партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков қарағандылықтарды экологиялық акцияға қатысуға шақырды.

Іс-шара аясында қала тұрғындары жаңа экосаябақ аумағында ағаш отырғызып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қоса алады.
Экологиялық акция 23 мамыр күні сағат 10:00-де Қарағанды қаласының Майқұдық шағынауданындағы жаңа экосаябақ аумағында өтеді. Ұйымдастырушылар бұл бастама табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, қаланың жасыл аймақтарын көбейтуге бағытталғанын атап өтті.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



