Бас тақырыпСпорт

Қарағандыда Азия кубогі басталды

Қарағандыда Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және мұғалімі Диханбай Биткөзовтің 85 жас мерейтойына арналған қазақ күресінен ересектер арасында «Сарыарқа батырлары» Азия кубогі басталды. Турнирге жеті елден 200-ден астам спортшы қатысып, өзара бақ сынауда. Аталған іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір басшысы өз сөзінде қазақ күресінің Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлерінің бірі екенін атап өтті.

Әрі Қарағанды облысында бұл күрес түрімен мыңдаған балалар мен жасөспірімдер шұғылданатынын баса айтты.

– Қарағандылық балуандар республикалық және халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуде. Біздің спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жоғарынәтижелерге қол жеткізетініне сенімдімін. Мұндай жарыстар спортты дамытуда маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлермен, салауатты, белсенді өмір салтының құндылықтарыментаныстыруға, адал, бәсекеге қабілетті күреске құрметпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді. Және де спорттық байланыстарды нығайтуға ғана емес, достық қарым-қатынасқа да ықпал етеді. Турнирдің жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтетініне, оның қатысушылары үшін маңызды оқиғаға айналатынына, қызықты жекпе-жектермен есте қалатынынасенімдімін, – деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Сарыарқа өңірінде, жалпы елімізде Диханбай Дүржанұлының есімі қазақ күресімен тығыз байланысты. Диханбай Дүржанұлы кезінде самбо, қазақ күресінен спорт шебері атанса, жаттықтырушы ретінде 200-ден астам Қазақстан спорт шеберлерін, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, дайындап шығарды.

Бүгінде оның шәкірттері бірігіп, осы байрақты бәсекені ұйымдастыруда.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button