ҚарқаралыРуханият

Қарқаралының Мәдениет үйіне Шолпан Жандарбекованың есімі берілді

КСРО және ҚазКСР-нің Халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдық мерейтойына орай Қарқаралы аудандық мәдениет үйіне актрисаның есімі берілді.

Салтанатты шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Қарағанды облысының және Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Рымбала Омарбекова, ҚР Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кенжеғали Мыржықбай, Шолпан Жандарбекованың Алматыдан арнайы келген туған жиені Рымбала Мүттахиева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тілектес Мейрамов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Болат Ибраев, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов, “Құрмет” белгісінің иегері Бижамал Кемалова, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты Дунай Еспаев, тарихшы Ерғазы Қадашұлы қатысты.

Салтанатты шараға қатысқан қонақтар Шолпан Жандарбекова жайлы естеліктермен бөлісіп, жерлестеріне жылы лебізін арнады. Рымбала Кенжебалақызы Қарағанды облысының мәдениет басқармасы басшылығының құттықтауын жеткізіп, арнайы сертификат табыстады.

Ақ жаулықты әжелер мерекелік кештің құрметіне арнап шашу шашты.

Шара барысында аудан әкімі Ерлан Құсайын ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбайға Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы атағын табыстады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Суреттер Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайынның Facebook парақшасынан алынды 

Басқа материалдар

Back to top button