Жаңалықтар

Қарағандылық каратешілер 29 медаль ұтып алды

Қарағандылықтар кекушинкай каратэ бойынша екі халықаралық біріншілікте – Еуропа және Еуразия чемпионаттарында сәтті өнер көрсетті. Сайыстар қазанда Гётеборг (Швеция) пен Барнаулда (Ресейд) өтті. Біздің спортшылар бірнеше жүлделерді иеленіп қайтты: түрлі дәрежедегі 29 медаль ұтып алды. 


– Еуропа чемпионатынан біз 6 медаль: 4 алтын, бір күміс және бір қола алып қайттық. Еуразия чемпионатында 6 алтын, 5 күміс және 12 қола медаль иелендік. Сәтті өнер көрсеттік. Сайыстарға екі құрам барды. Жаз бойы екі жақтан дайындық жүргіздік, балалар демалған жоқ. Жиындарды Ақтауда, лагерлерде өткіздік. Үнемі өткізген жаттығулардың арқасында осындай жетістіктерге қол жеткіздік деп ойлаймын, – дейді Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымының Қарағанды филиалының директоры Тимур Райымбек. 
Баспасөз мәжілісінде өз әсерлерімен жас спортшылар да бөлісті. 
– Менде барлығы 6 қарсылас болды, олардың үшеуі – қазақстандықтар. Кезінде менің досым каратэға барды, мен оған ілесіп барған едім. Нәтижесінде үлкен команданың мүшесі болдым, осындай ұжым басқа бірде бір қалада жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Тимур Райымбеков өте мықты құрама жинады, онда барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Әлем чемпионаттарында Қарағанды бірінші орындардан көрінеді, – деп атап өтті 16 жасар Еуропа чемпионы Александр Здвижков. 
Юниорлар арасында алтын медальді сондай-ақ Қарағанды коммерциялық колледжінің студенті Илья Опалев жеңіп алды. 
Камила Алмасқызы бойжеткендер арасында екінші орынды иеленді, алайда келесі біріншіліктерде жоғарыдан көрінетініне сенімді.
– Мен 16-17 жас, 65 келі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шықтым. Менде барлық жоғы екі қарсылас болды: Швеция мен Нидерландыдан. Бізде шеңберлі жүйе болды. Нидерландтық қарсыласыммен шайқас күрделі болды, біз тепе-тең келе жаттық. Тең нәтижеден соң бізге қосымша тағы бір минут берді, нәтижесінде қазылар алқасы мені сәл бәсең деп санап, жеңісті қарсыласыма берді. Бірақ мен оған ренжіген жоқпын. Мені ол тақтатпайды, керісінше, әрі қарай жеңіске талпынуға жігер береді, – деді бойжеткен спортшы. 
Ката дисциплинасы өте күрделі деп саналады, жәнеде онда бірінші орынды қарағандылық Думан Балтабай иеленді. 
– Мен каратэмен 11 жыл шұғылданамын, жәнеде оның 4 жылында әлемдік аренада өнер көрсетіп келемін. Өзімнің алғашқы бапкерім және жалғыз сэнсейім – Тимур Қайратұлына алғысым шексіз. Ол жай ғана жаттықтырып қоймай, әрдайым бірінші болуды үйретеді, – дейді Еуропа чемпионы. – Спорттық мансабымның басында мен Армениядағы қарсыласым – Эдик Саркосянға есе жіберіп, жеңілетінмін. Міне, енді бесінші реттен соң оннан бір ұпайға алға шығып, оны жеңдім. 
Еуразия чемпиондары атағын қарағандылық ең жас каратэшілер иеленді: 7 жасар Даниэль Мержалімов (25 келіге дейін), 8 жасар Бейбіт Сейтжанов (30 келіге дейін), 11 жасар Артём Редин (33 келіге дейін), 12 жасар Задажан Сиражева (45 келіге дейін).
Қарағанды облысында кекушинкай каратэмен 3500-ге жуық жас спортшылар шұғылданады. 

Дереккөз:  karaganda-region.gov.kz 
 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button