Коронавирус
Елімізде 14 адам коронавирус дертінен жазылды
Елімізде коронавирус індетінен айыққандардың саны 14 адамға жетті. Сырқаттан жазылғандар 14 күнге үй карантиніне алынады. Дәрігерлер олардың денсаулығын ұдайы бақылауда ұстайды. Бұл туралы Жедел штабтың Телеграм каналы хабарлады.
«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 14 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 12, Алматы қаласында 2 адам», -делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 адамнан сынама алынып, екі мәрте тексерілген. Олардың денсаулығына байланысты ешқандай шағымдары жоқ. Сондықтан да, екі апталық үй карантиніне алынды.