Жаңалықтар
Қарағандыда денесі көгерген төрт айлық сәби ауруханаға түсті
Қарағанды облысының балалар клиникалық ауруханасына денесі көгерген төрт айлық сәби жеткізілді деп жазадыNUR.KZ.
Сәбидің дүниеге келгеніне бар-жоғы 4 ай 20 күн болған екен. Бөбектің денесінен көптеген гематомалар байқалған.
«Біз болған жайт туралы полицияға хабар бердік. Сәбидің денесі түгелімен көгіреп қалған. Ол мұнда келгенде, мазасызданып, жылаумен болды. Оған барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр» , – деді аурухана дәрігерлері.
Ақ халаттылардың айтуынша, сәбидің туыстарының бірі оның қатты жылағанын сылтау қылып, денесін шымшып келген екен. Қазір баланың туыстарымен полиция жұмыс жасап жатыр.