Жаңалықтар

Жерге алып астероид жақындап келеді

Көлемі Лондондағы Биг Бен мұнарасымен бірдей алып астероид Жерге жақындап келеді, деп жазды Daily Express NASA ұйымына сілтеме жасап.

NASA мәліметіне сүйенсек, SP1 астероидтың ұзындығы – 70-160 метр аралығында (Биг Беннің биіктігі – 96 метр).

Ресейдің ғылым академиясы астрономия институты хабарлағандай, аспан денесі біздің планетамызға еш қауіп төндірмейді.

Ғылыми жетекші Борис Шутовтың сөзіне жүгінсек, астероид Жерге 5,87 миллион километрдей қашықтықта болады. Оның үстіне әуесқой астрономиялық құралдар арқылы аспан денесі көрінбейді екен.

Дереккөз: sputniknews.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button