Шет

Жаңа әліпбиге – жарқын жол

Неше жылдан бері айтылып келе жатқан мәселе – қазақ жазуын латын әрпіне көшіру жұмысы басталды. Рухани жаңғырудың бір тетігі іске қосылды. Бұл латын әліпбиінің халқымыз үшін берері мол болары сөзсіз. Ана тіліне жоқ қандастарымызға өз туған тілін үйренуге ықпал етері анық. Мемлекеттік тіл жанашырлары санамызға серпіліс туғызған, бойымызға рухани қуат берген осынау үрдісті қуана қарсы алуда. Оны біз ауыл адамдарымен кездесу өткізгенде, мекеме ұжымдарының жиналыстарында көріп, көзіміз жетті.

Еліміз ілгері дамыған 30 елдің қатарына енуінде – жаңа әліпби алтын көпір іспеттес. Шынында, әлемдегі өркениеті дамып, өндірісі қарыштаған елдердің көпшілігі осы графиканы қолданады.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдары қазақтың классик жазушылары әдеби туындыларын латын әліпбиінде жазды. Ал, қызмет бабындағы қағаздарды орыс тілінде кириллицамен өрнектеді. Сондықтан, жаңа әліпбимен жазылған сөздер әуелде көзге тосын көрінгенмен, ертең-ақ етене жақын, сымдай тартылған әсем, қолға ұстатқан заттай түсінікті болары сөзсіз. Былай қарасаң ноқаттары көбірек сияқты, ал түптеп келгенде олардың көмегімен тіліміздің төл үндерін естиміз. Осыны ескерсек 32 әріп 23 таңбамен ғана белгіленіп отыр. Бұдан жеңіл, түсінікті әліпби бола ма?

Келешекте үш тілді меңгеретін жастарымыз үшін латын әрпі Еуропа елдерінің өркениетіне баратын төте жол. Мұны әр ата-ана түсінсе керек. Сол үшін жас-кәрі демей латын жазуын меңгеруіміз қажет-ақ.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ,

«Ұлағат» Қазақ тілі қоғамы қоғамдық бірлестігінің

төрағасы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button