Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстанда Құрбан айтқа арналған сайт іске қосылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт қарсаңында құрбан шалу рәсімін онлайн форматта өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Енді тұрғындар құрбандық шалуды офлайн және онлайн түрде жүзеге асыра алады.

Сурет ЖИ

Сайт арқылы азаматтар құрбандық малын таңдап, төлемді Kaspi QR арқылы жасай алады. Қой мен ешкіні жеке адам шалса, ірі қара мен түйені бір немесе жеті адам бірігіп шалуға мүмкіндік бар. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін пайдаланушының телефонына SMS хабарлама келеді. Ал, құрбандық шалынған соң фото және бейне есеп жіберіледі.

Бастама әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағат үшін қолайлы болмақ. ҚМДБ барша қазақстандықтарды Құрбан айт күндері жүзеге асатын қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button