Бас тақырыпСпорт

Жалғас Қайролла Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Жалғас Қайролла 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде молдовалық Петру Пеливанмен кездесті Ortalyq.kz  тілшісі Olympic team-ге сілтеме жасап. 

Сурет Olympic team

Қайролла финалдық белдесу барысында басымдық танытып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша Жалғас Қазақстан құрамасына төртінші жүлдені сыйлады. Бұған дейін Талғат Орынбасар (60 келіге дейін) күміс медаль иеленсе, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button