Заң – баршаға ортақ

   Жуырда Жандос СӘРСЕНОВТІҢ төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс алдында департамент басшысының орынбасары Берік Ахметов Кеңестің 2017 жылдың 27 наурызында берілген ұсыныстардың орындалуы туралы айтып, қаралған мәселелер бойынша мағлұмат беріп өтті.

Бұдан кейін облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Тілектес Досаевтың есебі тыңдалды. Өз сөзінде басқарма басшысы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың орындалуы және мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын бұзуының алдын алу жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, жарты жылда кемінде бір мәрте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен бірлесе отырып, Әдеп кодексінің, «ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі» Заңының орындалуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүзеге асырылу жолдары және мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларының сақталуы мәселесіне қатысты дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылады. Басқарманың кадр қызметі жөніндегі мамандары аталған департамент ұйымдастырған бейнеконференцияларға, тәжірибелік семинар-жиындарға қатысады. Сонымен қатар, осы мәселеге қатысты облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысы Ақниет Абжатовтың есебі тыңдалды. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, басқармада бірыңғай тәртіптік, конурстық комиссиялар мен еңбек өтілін есептеу комиссиясы қызмет жасайды екен. Аталған комиссиялар жұмысының нәтижесі көрсеткендей, өткен жылы ҚР Заңнамасын бұзған 34 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Биыл бұл көрсеткіш 7 адамды құрап отыр. Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірген басқарманың 2 қыземткеріне шара қолданылды. Бүгінгі таңда тәртіптік комиссияның 6 отырыс өткізіліп, 4 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Кеңес отырысында облыстағы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Саяш Ахметовке, Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Хамзат Жаналинге, Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сабыржан Даутбергеновке қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралып, шешімдер шығарылды.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.