ТАЛ ҚАРМАУ
Ресми некеден іркес-тіркес туғанбыз,
Октябрьден пионер, комсомолды қуғанбыз.
Тоқсаныншы жылдары тоқығаның тарқады,
Қызыл-жысыл дүние, қырық пышақ қылғанбыз.
Өларада жетілдік, өнерліміз не түрлі …
Рекет пен берекет тете туған секілді.
Аруларды нақ сүйдік, зар қақсатып таксиді,
Студенттік сәттер-ай, қайырғанбыз кекілді.
Мұның бәрі балалық, Рух қайда? Далалық!
Жетпіс жылда жетім боп қалған екі аралық.
Тарих пенен әдебиет, жағрапия-жанталас!
Жаһан біткен жария, жолдың бәрі-жаңалық.
Алаш аты аспанда, алайда, кім аңғармақ?!
Бөліп алған пайынан пайда ойлаған “балбармақ”.
Жасөспірім-жойқын жол, кітапхана кез болып,
Текті ұл-қыздар толқыны тоқайласты
тал қармап.
Пікірталас пәрменді, «пысықтардың» үні өшті…
Әкелерден әңгіме, ағалардан жыр естіп,
Білгірлер мен ойшылдар, тапқырлар мен алғырлар!
Соңғы түйе соңынан «БОТА» болып ілестік.
Күмәнділеу кез еді, кеше қандай, бүгін-дат!
Манарбектің көшесі, бұлбұл әуен ыңылдап…
Ескерткіштің барлығы есі барға – сүйінші!
Жайық ата рухы жарқ еткендей жымыңдап.
Сақадай сай ерім бар, қазақ қайдан күйінсін,
Сатылмайтын жерім бар, қазақ қалай
қырылмақ?!
Руслан НҰРБАЙ,
Ж.Бектұров атындағы облыстық
жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.