Жаңалықтар

ТӨРТ

Өмір мен өлімнің өлшемі біз сөйлеп, жазып жүрген төрт әріпте екен. Осы екі ұғым төрт әріпте тұр. Тілешіміз өмірге көнбей, өлімге кетті. Еркелегі келді,еркелей алмады.

Анығында, бір қолында дәл мендей он жігіттің қауқары бар еді. Қара жұмысқа келгенде алдына жан салмайтын. Торғай облысында қора салды, ауылында кірпіш құйды. Не үшін?!
Соны көзі тірісінде ұға қоймаппыз. Күні-түні машинка басып, ақын деп жүргендердің де, ақылдымын деп жүргендердің де алдында еді…
Азап пен ғажаптың ортасында жүргеніңді білмеппін. Кеш түсіндім. Кәйтейін…

Алдың – жарық, ту сыртың – қалғандарға өнеге болсын…
Өзің айтып жүретін НЕКРОЛОГТЫ жазуға тура келді. Се ля ви – Такова жизнь! Маңдайға жазғаны осы.
Көбейту кестесін жатқа білемін. Төрт жерде төртім – он алты. Ол он алтыншы қазанда өмірден өтті…

Өзіңнің “Кәсемсотың”
(“К-700” тракторы)
Мағауия СЕМБАЙ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button