Бас тақырып

Шетелден көлік әкелуге шектеу қойылды ма?

Құрылыс және өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаев Қазақстанда көлік әкелу ережесіне қатысты енгізілген өзгеріске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Halyq Uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет pixabay.com

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «Доллар қымбаттап, қазақстандықтарға шетелден көлік әкелу қиындай түсті. Осы жағдайды ескерсек, автомобиль тұрғындар үшін қымбат, қол жетпес дүниеге айналды. Шетелден көлік әкелуге неге шектеу қойылды?» деген сұрақ қойылды.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ережеге ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

– Біріншіден, Қазақстанға көлік әкелу ережесі 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Оған ешқандай өзгеріс енгізілмеген.

Екіншіден, сізге екі факторды атайын. 2023 жылғы 21 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында елімізге екі немесе одан да көп көлік әкелген  адамдар анықталды. Жеке тұлғалар бірнеше көлік жеткізген. Мысалы, бір адам 793 көлік, 34 адам 100-ден аса көлікті Қазақстанға кіргізген. Демек, бұл адамдар кәсіпкерлікпен айналысты деген күдік туындайды, – деді ол.

Министрдің пікірінше, адамдар кәсіпкерлікпен айналысып, жүздеген көлік әкелсе, заң талаптарын сақтауы керек. Олар кедендік баж бен барлық салықты төлеуге тиіс.

– Сондықтан осы мәселеге нүкте қояйын. (Көлік әкелу) ережесіне жаңа өзгерістер енгізілген жоқ. Қайталап айтамын, ол 2015 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Адамдар 100 немесе 793 көлікті жеке мақсатта пайдалану үшін әкелмейтіні түсінікті. Олар бұл автомобильді қайтадан сататыны белгілі. Егер сіздер бизнеспен айналысқыларыңыз келсе, ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ашып, ресми түрде жұмыс істеңіздер. Жеке тұлға ретінде көлік әкеліп, мемлекетті алдауға тырыспаңыздар. Егер біреу бизнеспен айналысқысы келсе, олар бизнеспен ресми түрде айналысуы керек, – деді Қанат Шарлапаев.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button