Қарағанды облысында Халықаралық картоп күні аталып өтті
Бұқар жырау ауданында Халықаралық картоп тұқымы күніне арналған халықаралық шара өтті.

Еліміздегі Нидерланды Корольдігі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған жиынға облыс басшылығы, аудан әкімдігі, мәслихат депутаттары қатысты.

Нидерланды елшілігінің өкілдері, халықаралық сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бас қосты.

Кездесу барысында тұқымдық картопты тексеру және сертификаттау жүйесіндегі заманауи тәсілдер, сорттық тазалықты бағалау, вирустық ауруларды анықтаудың Нидерланды тәжірибесі таныстырылды.

Сонымен қатар, картопты отырғызу, өсіру, жинау және кейінгі өңдеуге арналған инновациялық технологиялар мен

әлемдік жетекші өндірушілердің арнайы техникалары көрсетілді.

Сапалы тұқым – картоп шаруашылығының жоғары өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің басты кепілі.

Халықаралық тәжірибе алмасу мен озық технологияларды енгізу өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда маңызды екені байқалды.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



