Жаңалықтар

Ақтоғайдағы «Пустынное» кенішінде жұмысшы қаза тапты

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында орналасқан «Алтыналмас АК» АҚ-ның «Пустынное» кен-байыту кешенінде өндірістік жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты.

Сурет magnific.com

Компанияның мәліметінше, қайғылы оқиға 23 шілде күні сағат 11:30 шамасында болған. Оқиға кезінде «Пустынное» кен-байыту кешенінің екінші сатыдағы ұсақтау корпусының конвейер машинисі көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын уәкілетті мемлекеттік органдар анықтап жатыр.

– Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтамыз, – деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ «Алтыналмас АК» АҚ марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін хабарлады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button