АймақБас тақырыпҚарағанды

Көкпекті стансасы толықтай Қарағанды қаласының құрамына өтеді

Қазақстан Республикасы Үкіметі Қарағанды қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы шешімді мақұлдады. Соған сәйкес Бұқар жырау ауданынан жалпы аумағы 281 гектар жер учаскесі облыс орталығының құрамына енгізіледі.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Өзгеріс Көкпекті стансасына (бұрынғы Солонички) қатысты мәселені де шешеді. Елді мекен тұрғындары оны толықтай Қарағанды қаласының қарамағына беруді ұзақ уақыттан бері сұрап келген. Бұған дейін тұрғын үйлер Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданына қарағанымен, қалған жер аумағы Бұқар жырау ауданының құрамында болған.

Қазіргі таңда Көкпекті стансасында 500-ге жуық адам тұрады. Елді мекенде 120 аула мен мектеп жұмыс істейді.

Қала аумағын кеңейту Қарағандының одан әрі дамуына, аумақты тиімді жоспарлауға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әкімшілік шекараның өзгеруі жаңа тұрғын және әлеуметтік нысандар салуға, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға әрі қалалық ортаны кешенді дамытуға жағдай жасайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button