Рухани жаңғыру

Ұрпақ сабақтастығындағы ұлттық қажеттілік

Тәуелсіз Қазақстанның ішкі табыстары мен сыртқы жетістіктері елеулі, әлем мойындауда. Егемендік алғалы еліміз түрлі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени кезеңдерден өтті. Президент Н.Назарбаев үш негізгі нысанды – қоғамды саяи-экономикалық, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан жаңғырту, интеллектуалды ұлтты қалыптастыру, болашақта қазақ мемлекетінің негізін нығайту мәселелерін стратегиялық бағыт-бағдар ретінде ұсынды. Бұл ұстанымдар еліміздегі қомақты бастамалардың ендігі әлеуметтік-мәдени өлшеміне айналуда. Осы тұрғыда Қазақстандық қоғамның, елдің, мемлекеттің даму заңдылықтарын тілге тиек етсек, бұл проблемаларды талдауда, түсіндіруде қайшылығы батпан кедергілер түйінделуде.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларының бірі өз ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеу деп отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде бірқатар жұмыстар атқарылып отыр. «Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы 2017-2018 оқу жылынан бастап «Мәңгілік Ел» құндылықтары пәнін таңдау пәні ретінде енгізіп, бүгінгі таңда Мемлекетті жергілікті басқару, Құқық және экономика негіздері мамандықтарында оқытып жатыр.

«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы» (Н.Назарбаев). Еліміздің рухани дүниесін барынша жүйелейтін, гуманитарлық сала үшін әдіснамалық іргетас болатын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы студент жастарды жаңа сипаттағы қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Ерте кезде жастарға, жалпы қазаққа, толыққанды жан-жақты тәрбиені ата-ауыл-ру қауымының тәрбиелік әрі жауапкершілік ортасы ғана берген (Ғ.Есім). Ол кездегі ата-ауыл-ру қауымы нағыз зиялы, адамның жан-дүниесін ашатын орта болған, сондықтан ата-әжелерінен таза ұлттық тәрбие алып, қазақ үніне уызында қанған Абай, Шәкәрім, Әлихан, сынды көптеген Алаш арыстары ұрпағына ұзақ жылдар рухани азық болар туындыларын қалдырды. Сондықтан да, елінің болашағына сенетін Қазақстанның әрбір азаматы балаларына ұлттық құндылықтар негізінде жаңғырған ұлттық тәрбиені сіңіруі керек.

Рухани жаңарудың ілгегі де, тірегі мен тұтқасы да, инновациялық таным мен рух санасында, білім жүйесі мен ғылымда, ұлттық мәдениетте. Жасты түзету, қазақты түзету – ұлттық қажеттілік, заман талабы. Талап бастауы – тарихымызбен түптес өмірлік тәжірибеде, тағдырымызбен тамырлас дәстүр-салтта.

Мира МАНАСОВА,

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің (PhD) докторы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button