Қарағандыда қой бағасы қаншадан саудалануда?
Құрбан айтқа 2 күн қалды. Биыл Құрбан айт мейрамы жақындаған сайын Қарағандыдағы мал базарларында сауда қыза түсті. Тұрғындардың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда қой бағасы айтарлықтай өскен. Қазір өңірде құрбандыққа шалынатын қойдың бағасы орта есеппен 80 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жетіп отыр.

Сарапшылардың мәліметінше, Қарағанды Қазақстандағы қой бағасы салыстырмалы түрде арзан аймақтардың қатарына кіреді. Дегенмен мереке жақындаған сайын сұраныс көбейіп, баға біртіндеп өсуде. Кейбір ірі қошқарлардың құны 150–175 мың теңгеге дейін барғаны айтылуда.
Мал сатушылар бағаның көтерілуіне бірнеше себеп бар екенін айтады. Оның ішінде:
- жем-шөп бағасының қымбаттауы;
- тасымал шығындарының артуы;
- Құрбан айт алдындағы жоғары сұраныс;
- ірі әрі семіз малға қызығушылықтың көбеюі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы іске қосқан онлайн құрбан шалу сайтында да қой бағасы шамамен 120 мың теңге деңгейінде көрсетілген. Ірі қара – 875 000 теңге, ешкі – 65 000 теңге.
Сонымен қатар Қарағанды облысында Құрбан айтқа арнайы мал сою орындары белгіленді. Сонымен қатар, Әнет баба мешітінде «ҚұрбанFEST – 2026» отбасылық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалмақ.
Мамандар құрбандыққа мал аларда оның жасына, денсаулығына және сыртқы күйіне ерекше назар аударуға кеңес береді. Діни талап бойынша қой кемінде бір жасқа толған әрі дені сау болуы тиіс.
Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті



