Жаңалықтар

Оқушыларға қосымша демалыс

         Бірінші сынып оқушылары бір апта қосымша демалады. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

         Өткен қыркүйек айында Білім және ғылым министрлігі демалыстардың мерзімі мен оқу кезеңі жайлы бұйрық шығарған. Сол бұйрық аясында демалыс мерзімдері сынып-сыныпқа бөлініп көрсетілген.

         Енді, 1 сынып оқушыларына 1-7 ақпан аралығында қосымша демалыс беріледі.

       Әлгі бұйрыққа сәйкес, осы оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер жаңа маз­мұнда білім алуда. Олар аптасына бес күн сабақ оқиды.

       Мұндай демалыс, тек, 1 сынып оқушыларына беріледі. Қалған сыныптардың оқушылары әдеттегідей оқуын жалғастыра береді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button