Жаңалықтар

«Құндылық артқан сайын бірлік нығая түседі»

Тәуелсіз мемлекет және тәуелсіз қоғам ретінде өмір сүріп келе жатқанымызға – 30 жыл. Осы жылдар ішінде бейбітшілікті, халықтың бірлігін және мемлекет аумағының тұтастығын сақтаған еліміз үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, мойындалуы да, осы жылдар ішінде әр халық өкілінің ұлттық дәстүрлерін сақтап, еліміздің әртараптан дамуының арқасында. Сәйкесінше, биылғы сессия «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылады.

Тарихи тұрғыдан алғанда 30 жыл көп уақыт емес, алайда, еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Соның бірі – ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудағы бірегей тәжірибе. Бұл, Тұңғыш Президент, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында жүзеге асты. Бәрі басқаша болуы да мүмкін еді. ХХ ғасырдағы ауқымды қоныс аударудың бірнеше толқынынан кейін Қазақстан көп ұлтты республикаға айналғаны және Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін біздің елімізге ең күрделі азаматтық қақтығыстарға ұшырағаны рас. Кейбір саясаткерлер бұл туралы әртүрлі болжамдар жасады. Егемендік алған сәттен Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіздікті сақтаудың іргетасы болып табылатын бірегей құрылым құру бағытында әрекет етті. Ол бейбітшілік, тұрақтылық, этносаралық келісім мәселелері туралы бір сәтке де ұмытқан емес. Көпұлтты халықты біріктіру үшін не істеу керек? Нұрсұлтан Әбішұлы 1995 жылы сол кезде әлемнің бірде-бір елінде болмаған Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын жария етті. Қазақстанда 130-дан астам этнос тұрады және олардың әрқайсысы бірбірімен достық пен бірліктің ерекше іргетасын қалыптастырды. Қазір ҚХА-да бірнеше құрылым шоғырланған. Олар этномәдени бірлестіктер, Қайырымгерлер мен меценаттар клубы, Аналар кеңесі, Журналистер клубы, Жаңғыру жолы жастар қозғалысы және Қоғамдық келісім кеңесі.

Одан бөлек, ҚХА елдегі мәдени-тілдік ортаның одан әрі үйлесімділігін, ортақ құндылықтардың, мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақтану», «Мәміле», «Мың бала» сияқты жобаларды іске асыруда. Бұл рухани-мәдени интеграция процестерінің маңызды құрамдас бөлігі барлық этнос үшін топтастырушы бірлік негізі ретінде тарихи сананы жаңғыртуда, біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені, бүгіні және болашағының іргелі негізі болып табылады. Облыста қазақ халқының мәдениетін, тарихын және тілін үйренуге ықпал ететін көптеген жоба бар. Бүгінгі біздің міндетіміз – Қазақстан халқын біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша танымал ету. Себебі, қоғамдағы құндылықтарымыз артқан сайын бірлігіміз нығая түспек.

Алдымызда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың бірі. Сессия қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуды қамтамасыз етуге арналған. Онда ҚХА алдына жаңа міндеттер қойылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған бірегей бірігу және интеграция институты. Өткен сессияда Елбасы ҚХА – елімізде бейбітшілік пен келісімнің шынайы сақтаушысы болғанын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерінің белсенді қатысушысы. Сондай-ақ, білімге, жаңа идеяларға ашық, ұлттық кодты сақтау және Қазақстанның эволюциялық даму жолы – жалпыұлттық тарихи сана мен бірыңғай құндылықтардың берік негізін қалыптастыратын көзге айналды. Бұл – Ассамблеяның тікелей жауапкершілік аймағы. Әр Қазақстандық ертеңгі ел болашағы, қоғамға пайдасын тигізе алатын өз ісінің мамандары. Біз ортақ Отанымыз Қазақстанда туып өстік, ұрпағымыз да осы елде ер жетеді.

Михаил КОНОВАЛОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,

Теміртау қалалық мәслихатының депутаты.

Басқа материалдар

Back to top button