АймақБас тақырып

Қарағандыда ЖЭО-3 жаңа энергоблогы 2028 жылы іске қосылады

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Қарағандыда жылыту маусымы аяқталып, 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларында жөндеу науқаны басталды. Жұмыстар қазан айына дейін жалғасады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

ЖЭО-3-те  электр энергиясын өндіру тоқтаусыз жүргізілуде. Қазір бір қазандық пен бір турбина дайын. Сонымен қатар №4 қазандық агрегатын жаңғырту басталып, шамамен 150 тонна металл конструкциялары ауыстырылады.

Өңірдегі ірі жобалардың бірі – ЖЭО-3-тің жаңа энергоблогы. Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр. Қазіргі таңда іргетас құйылып, инфрақұрылым салынуда, жабдықтар жеткізіле бастады. Жобаны 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

Жоба іске қосылғаннан кейін станцияның электр қуаты 140 МВт-қа, жылу қуаты сағатына 180 Гкал-ға артады. Бұл 400-ден астам тұрғын үй мен әлеуметтік нысанды қосымша жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-3-ке барып, жөндеу жұмыстары мен жаңа энергоблок құрылысының барысын тексерді. Аймақ басшысы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен жөндеу науқанын сапалы өткізу өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button