Спорт

Чемпиондар ауылдан шығады

Қызылорда қаласында панкратионнан өткен республика чемпионатында Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылының спортшысы Әлішер Сәбит қола жүлдегер атанды.

СУРЕТТЕ: республикалық чемпионаттың қола жүлдегері Әлішер Сәбит оң жақта.

Әлішер аталған бәсекеде 77 килограмдық салмақ дәрежесінде, жиырма жастан асқандар арасында сайысқа түскен еді. Белдескен қарсыластарынан басымдығын көрсетіп, жартылай финалға дейін қиналмай жеткен ол ақтық сынға бір қадам қалғанда ғана сүрінді. Сөйтіп, қола медальмен қанағаттануға мәжбүр болды. Дегенмен, жас спортшының болашағы – алда. Ол келесі жарыстарда тұғырдың биік сатыларынан көрінетініне сенгіміз келеді.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button