ЖаңалықтарРесми

Мемлекет басшысы трансшекаралық су мәселесін шешудің нақты тетіктерін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында бірқатар маңызды бастамаларды негізге алды. Мемлекет басшысы су пайдалану жөніндегі Негіздемелік конвенция қабылдауды ұсынып, су саласын цифрландырудың маңызын атап өтті.

Сурет Ақорда

Атап айтқанда, Сырдария мен Әмудария өзендері бассейндерінде бірыңғай автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу ұсынылды. Бұл су ресурстары туралы деректердің ашықтығы мен нақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, энергетика және су жеткізу саласындағы іс-қимылды үйлестіру үшін Мемлекетаралық энергетикалық комиссия құру қажеттігі айтылды.

Сөз барысында Аралды құтқару халықаралық қорының өңірлік диалог алаңы ретіндегі рөлін күшейтуге ерекше назар аударылды. Президент бұған дейін Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтергенін еске салды. Оның айтуынша, мұндай арнайы институт құру – уақыт талабы және жаһандық деңгейде күш-жігерді біріктіруге ықпал етеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ аясында Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендерінің халықаралық күнін белгілеу туралы бірлескен бастама көтеруді ұсынды. Арал тағдыры тек экологиялық мәселе ғана емес, сонымен қатар өңір елдерінің бірлесіп әрекет ете алу қабілетін айқындайтын маңызды сынақ екенін атап өтті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button