Ресми

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастығы талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ұлттық музей алаңында «Мәдени дәстүрлерді біріктіру және заманауи шығармашылық тәжірибелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сурет Мәдениет және ақпарат министрлігінен

Іс-шараға Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев және екі елдің мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен көрмелер, гастрольдер, кино жобалар мен білім беру бастамаларын кеңейту мәселелерін талқылады. Музей ісіне ерекше назар аударылып, І Петр атындағы Антропология және этнография музейі және Мемлекеттік Эрмитаж мекемелерімен бірлескен жобалар қолға алынатыны белгілі болды.

Сондай-ақ биыл күзде Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі базасында Мемлекеттік Третьяков галереясы қорынан «ХХ ғасыр орыс өнері 30 шедеврде» көрмесі өтеді.

Кино саласында бірлескен жобаларды дамыту, оның ішінде Қазақфильм киностудиясының қатысуымен жаңа фильм түсіру жоспарлары айтылды.

Кездесу қорытындысында Ұлттық музей мен Ресей этнографиялық музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button