ЖаңалықтарРесми

Президент: Су – Орталық Азияның болашағын айқындайтын стратегиялық ресурс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті.

Сурет Ақорда

Кездесуді ашқан Президент өңірдің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз ету – ортақ  міндет екенін атап өтті. Ол су мәселесінің жаһандық маңызы бар стратегиялық сын-қатерге айналғанын жеткізді.

Сөз барысында Мемлекет басшысы Арал маңындағы климаттың елеулі өзгерістерге ұшырағанын, қуаңшылық күшейіп, Аралқұм шөлінен көтерілген шаңды дауылдар Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін жетіп, Тянь-Шань мұздықтарына кері әсер етуде екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы су – өмірдің негізі әрі Орталық Азия жастары үшін жарқын болашақтың кепілі екеніне тоқталды. Президент қатысушы елдерді күш біріктіріп, күрделі экологиялық мәселелерді бірлесіп шешудің оң үлгісін бүкіл әлемге көрсетуге шақырды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button