«Индустриальная Караганда» газетінің жүлдесіне арналған дәстүрлі эстафета өтеді
«Индустриальная Караганда» газетінің жеңіл атлетикаға арналған дәстүрлі эстафетасы барлық спорт сүйер қауымды – жүгірушілер, салауатты өмір салтын ұстанушылар, өндірістік ұжым өкілдері, студенттер мен оқушылар, әскери қызметкерлер, қоғам белсенділері және ардагерлерді стартқа шақырады. Биыл бұл ауқымды спорт мерекесі 79-рет өткізіліп отыр. Іс-шара Ұлы Жеңістің 81 жылдығына, Отан қорғаушылар күніне және облыстық «Индустриальная Караганда» мен «Ortalyq Qazaqstan» газеттерінің 95 жылдығына арналады.

Жарыстың салтанатты ашылуы 2026 жылғы 2 мамыр күні Сарыарқа көшесіндегі «Тутұғыр» композициясы алдындағы алаңда өтеді.
Эстафетаның жалпы қашықтығы – 3300 метр, ол 10 кезеңге бөлінген. Барлығы 13 жарыс ұйымдастырылады. Алғашқысы – дәстүрлі «Достық» жүгірісі. Оған әуесқойлар, ардагерлер, балалар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысады. Бұл жерде бастысы – жеңіс емес, сергектік, көтеріңкі көңіл-күй және тарихы терең мерекенің бір бөлігі болуға деген ниет.

Екінші және үшінші жарыстарда №5 топ – 9 жылдық мектептердің оқушылары (ұлдар мен қыздар) бақ сынайды.
4 және 5-жарыстарда №4 топ – №1–49, сондай-ақ №101 және №93 жалпы білім беретін 11 жылдық мектептердің оқушылары (ұлдар мен қыздар) қатысады.
Келесі екі жарыста №50–104 жалпы білім беретін 11 жылдық мектептердің оқушылары (ұлдар мен қыздар) өнер көрсетеді.
8 және 9-жарыстарда №2 және №3 топтар – 1 және 2 дивизион колледждері, Т. Бигелдинов атындағы әскери мектеп-интернат және Ә. Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері (ерлер мен әйелдер) қатысады.
10 және 11-жарыстарда №6, №7, №8 топтар – өндірістік ұжымдар, ұйымдар, спорт клубтары, сондай-ақ күштік құрылымдар (Ішкі істер органдары, Қарулы күштер, Төтенше жағдайлар қызметі, күзет ұйымдары) (ерлер мен әйелдер) бақ сынайды.
12 және 13-жарыстарда №1 топ – жоғары оқу орындарының студенттері және Ә. Молдағұлова атындағы облыстық спорт мектеп-интернаты-колледжі (ОСШИКОР) тәрбиеленушілері (ұлдар мен қыздар) жарыс жолына шығады.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.
Стартта кездескенше!
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



