Жаңалықтар

Мылтық

Қазақ даласында мылтық XVI ғасырда, яғни, Қазақ хандығы мен Ресей арасында сауда-саттық және дипломатиялық байланыс басталған кезден пайда болды. Сондай-ақ, сол кезден қазақ ұсталары мылтықты қолдан соғуды бастады. Мылтықтардың кейбірі аса ауыр болғандықтан жерге тірелетін екі сирақ орнатылды.

 Қазақ әскері мылтықты тұңғыш рет 1643 жылы қазақ-жоңғар арасында өткен Орбұлақ шайқасында қолданды. Жәңгір сұлтан бастаған аз ғана қазақ сарбазы мылтықты ұтымды пайдалана отырып, қалың жауды жусатып салды.

От қарудың берен, шамқал, күлдір мамай сынды түрлері бар.

 Берен мылтық – атпен алып жүруге ыңғайлы, жеңіл әрі ұңғысы ұзындау болады.

 Шамқал мылтық – оқтығының дүмі ұзын, салмағы ауыр әрі қарабайыр жасалған.

Күлдір мамай мылтығы алысырақ атылады. Және оқпаны жіңішке, ұзын, әрі көздегенге дәл тиетін қасиетке ие. Оның дауысы өзгелерден күлдіреп, қатты шығады.

Бұл мылтықтарды атуға дайындау үшін кем дегенде 1 минуттан артық уақыт қажет еткен.

 1836 жылы неміс шебері Иоганн Николаус Дрейзен құндақ жағынан оқталатын мылтықтарды жасап шығарды. Осыдан кейін мылтықтың сан алуан түрі шығарыла бастады.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button