Жаңалықтар

Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбы қоғамда ерекше танымалдыққа ие болды. Сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөліктерінің бірі мүдделер қақтығысы болып табылады, оның мысалы атқарушы органның басшысы қолданыстағы нормалар мен тыйымдарды айналып өтіп, жақын туысын өз бағынысына орналастыратын жағдай болуы мүмкін. Мұндай іс мүдделер қайшылығы ретінде бағаланады, яғни, мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері мен оның қызметтік өкілеттіктері арасындағы қайшылық мемлекеттік қызметшінің өздерінің қызметтік өкілеттіктерін орындамауға немесе тиісті деңгейде орындамауына әкеліп соғуы мүмкін.

Алғаш рет мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу туралы тиісті нормаларды қабылдау қажеттілігі ҚР Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 793 «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығында айтылды, онда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Президенттің мүдделі тұлғаларымен бірлесіп нақты мақсат қойылды: «Мемлекеттік қызмет жүйесінде «мүдделер қақтығысы» ұғымын заңнамалық деңгейде анықтау», бұл жағдайда мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері, қоғам мен мемлекет мүдделері арасында қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл ретте мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу тәртібін регламенттеу, оның ішінде мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметтен босатылғаннан кейінгі белгілі бір кезең ішінде өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде өзінің тікелей бақылауында болған немесе өзінің құзыретіне сәйкес онымен тікелей байланысты коммерциялық ұйымдарға жұмысқа ауысуына тыйым салуды белгілесін».

Жарлықты орындау мақсатында еңбек заңнамасы және 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР Еңбек кодексінің 26-бабының қазіргі заманғы редакциясы реформаланды, бұның мүдделер қақтығысы туындағанға дейін оның алдын алуға бағытталғандығы сөзсіз.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдар да мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу мәселелерін реттейді, бұл ретте мүдделер қақтығысы субъектілерінің шеңбері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерінің шеңберімен бірдей екендігіне назар аудартады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 15-бабында былай делінген:

1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу бойынша шаралар қабылдауға тиіс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Тікелей басшысы не ұйымның басшылығы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша мынадай шараларды уақтылы қабылдауға:

1) осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

2) лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

3) мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

Көбінесе мүдделер қақтығысы жақын туыстармен, ерлі-зайыптылармен және жекжаттармен байланысты, сондықтан мүдделер қақтығысын болдырмау тәсілі ретінде олардың бірлескен жұмысына (қызметіне) жол бермеу қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

Мүдделер қақтығысының пайда болуының алдын алу сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын жояды.

Алтынай СУЛЕЙМЕНОВА.

Басқа материалдар

Back to top button