Бірлік пен келісім бар жерде тұрақтылық бар

Құрметті жерлестер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – елдігімізді бекемдейтін, татулығымызды танытатын, береке-бірлігімізді айшықтайтын қастерлі күн. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша этнос өкілдерінің достығы мен өзара сыйластығы – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты байлығы, тұрақты дамуының берік негізі.
Қарағанды өңірі үшін бірлік ұғымының мәні айрықша. Бұл қасиетті өлкеде түрлі этнос өкілдерінің тағдыры тоғысып, ортақ еңбек пен өзара қолдаудың үлгісі қалыптасты. Кеншілердің маңдай тері, еңбек адамдарының қажыры, әр этностың өңір дамуына қосқан үлесі – бүгінгі облысымыздың қуатты әлеуеті мен жарқын келбетінің негізі.
Бірлік пен келісім бар жерде тұрақтылық бар, тұрақтылық бар жерде даму бар. Бүгінгі жетістіктеріміздің, экономикалық өрлеуіміздің, қоғамдық тыныштығымыздың және мемлекетіміздің нығаюының түп негізінде халықтың өзара сенімі мен ортақ жауапкершілігі жатыр.
Осы мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ынтымағымыз ыдырамай, бірлігіміз бекем болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



