Рухани жаңғыру

Келелі сабақта – көшпелі мәдениет


          Қарғанды облыстық бейнелеу өнері музейі 30 жылдық мерейтойына орай № 68 мектеп-интернат балабақша кешенінің 7 «Б» сыныбы оқушыларының қатысуымен Қазақстан тарихы пәні бойынша «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» атты музей сабағын өткізді.
Көшпелілердің материалдық мұралары – баспана салу, қыш құмыра жасау, металл өңдеу, сауда мен ақша айналымы толыққанды мәлімет алғаны өз адына, оқушылар мұнда оқып-білгендерін қолмен ұстап, тәжірибе жүзінде таныды. Материалдық мәдениетке деген көзқарастары орныға түсті десе болғандай.
Қазақстан тарихы пәнінің ұстазы Нұртай Шерібай оқушыларды сұрақ-жауап арқылы жұптастырып, үш топқа бөлді. Әр топқа ат қойып, топ басшыларын сайлады.
Мәселен, «Зергерлер» топтың қыз балалары музей қорынан алынған ХVІІІ-ХІХ ғасырларға тән қыз-келіншектерге арналған зергерлік бұйымдардың неден жасалғанын, ою-өрнекті мен ерекшеліктерін музей қызметкерлерінің көмегімен танып-білсе, осы топтың ұл балалары әт әбзелдерін зерделей бастады. Әр әбзелдің атауы мен жасалу материалдарын, безендірулерін, ер неше түрге бөлінеді деген сияқты.
Ал, екінші топ «Ұлттық киімдер» экспозициядағы орта жастағы қазақ әйелінің киім үлгісін (кимешек, камзол, бір етекті ұзын көйлек), қалыңдықтың ұзатылғанда киетін киім (сәукеле, көйлегі, камзолы, шапаны) түрі мен күйеу жігіттің киімдерімен танысып, ондағы ою-өрнектердің қыр-сырына үңілді.
«Тұмар» тобы болса, көшпелілер баспанасы күйіз үйдің құрамы мен ішкі жабдықтарын бағамдап берді. Музей қызметкері Д.Қадырқұлова оқушыларға жүн түту, иіру және тарау мен бояу әдісін көрсетіп, түсіндірді. Осы жолдардың авторы оқушыларға киіз үйдің шаңырақ, уық, кереге сияқты сүйегінің қиысуын әңгімелеп, көрсетті. Және киіздерінің қалай жабылатындығын түсіндіріп, есігі, сықырлауық пен шидің де атқаратын міндеттерін түсіндірді. Киіз үйдің ішінің өзі екіге бөлінеді. Оң жақ – ерлер жағы, онда ер адамға қажетті заттар – ер-тұрман мен киім-кешектері, ал, әйелдерге тиесілі сол жағында ыдыс-аяқ пен тұрмысқа қажетті заттар орналасады. Кесеқап, аяққап, торсық, күбі сынды. Төр жақта жүк жиналып, ұлттық аспаптар ілінеді. Табалдырық та киелі. Жаңа түскен келін оң аяғымен аттайтыны содан болса керек.
Осылайша әр топ өз зерттеу объектілерімен толық танысып, біліп, әр топ мүшесі жұмыстарын қорғап шықты.
Музей сабағының бағалау әдісі де өзгеше болды, әр оқушы бір-бірін шапалақ соғу арқылы немесе бас бармақтарын көрсету арқылы бағалады.
Экспозицияда музей қорынан ХІХ ғасырға тән күйіз үй мен оның жабдықтары, тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар, ат әбзелдерімен ер-тұрманның бірнеше түрлері (ер адамға арналаған ер, әйел және балаға арналған ер) қойылды.

Назерке ЖАРТЫН,
музей қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button