Жаңалықтар

ІТ-сыныптың мүмкіндігі шексіз

«Нұр Отан» партиясының бастамашылық жобаларының аясында Қарағандының білім ұйымдарында (№2 лицей, №№8, 12, 23, 25, 34, 83, 88, 66 мектептер, №57 мектеп-лицейі) заманауи IT-технологияларды қолдану арқылы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған IT-сыныптар ашылды.

Жоба оқушылардың ақпараттық технологиялар саласында білімдерін жетілдіріп қана қоймай, ерте кәсіптік бағдар беру мен мамандандыруға үлесін қосады.

Мектептерде оқытудың бағыттары мен факультатив сабақтары жүргізілетін сыныптар анықталды, курстың бағдарламасы жасақталды. 8-16 жастағы оқушылар бағдарламалау негіздері, компьютерлік графика, робототехника, 3 d-модельдеу үйірмелерімен қамтылады. Сыныптар оқушылардың әртүрлі IT-технологиялар бойынша байқауларға қатысып, жеңіске жетуіне ықпалын тигізеді. Партияның бұл бастамасы оқушыларды креативті ойлауға, өз ойларын жүзеге асыруға, технологиялық дамыған әлемге дайындайды. ITсыныптар қабырғасында алынған білім болашақ табысты стартаперлерді жетілдіруі мүмкін.

АКТ саласында (робототехника, 3d модельдеу және т.б.) біліктілікті арттыру курсынан өткен 40 шақты мұғалім IT-сыныптың жұмысына атсалысады.

Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асуына және цифрлық экономика үшін болашақ кадрларды дайындауға үлкен үлес қосады. Болашақта қаланың барлық мектептерінде IT-сыныптарды ашу жоспарланып отыр

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button