Жаңалықтар

Инфрақұрылымды жаңғырту – халықтың тұрмыссапасын арттырудың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды басымдықтарының бірі ретінде инфрақұрылымды жаңғырту мәселесінеайрықша назар аударды. Президент заманауи әрі сенімді инфрақұрылым қалыптастыру халықтың тұрмыссапасын жақсартудың, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі екенін атапөтті. Әсіресе, энергетика саласының әлеуетін арттыру, коммуналдық желілерді жаңарту, елді мекендерді сапалыауыз сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды заман талабына сай дамыту міндеттері алдыңғықатарға қойылды.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Мемлекет басшысының бұл бағыттағы тапсырмалары «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының мақсат-міндеттерімен өзара сабақтас.

2025–2029 жылдарға арналған Ұлттықжобаның негізгі мақсаты – энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартып, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру. Жоба аясында тозығы жеткен инженерлік желілерді қайтажаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, коммуналдық ресурстарды есепке алуды цифрландыру және отандықтауар өндірушілерді қолдау көзделген. Нәтижесінде инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейін 40 пайызғадейін төмендету жоспарланып отыр.

Бұл міндеттердің маңызы Қарағанды облысы үшін де ерекше. Өңірдегі жылу, сумен жабдықтау, электрменжабдықтау және су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 34 649 шақырымнан асады. Алайда, олардың басымбөлігінің пайдалану мерзімі ұзарып, тозу деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда инженерлікжелілердің орташа тозу көрсеткіші 62,7 пайызды құрайды. Атап айтқанда, жылу желілерінің тозуы – 60,3 пайыз,сумен жабдықтау желілерінікі – 47,19 пайыз, су бұру желілерінікі – 75,3 пайыз, ал электр желілерінікі 68,3 пайызға жеткен.

Әсіресе, су бұру жүйелеріндегі тозу деңгейінің жоғарылығы өзекті мәселелердің бірі. Себебі, кәріз желілерініңқалыпты жұмыс істеуі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға жәнетұрғындардың жайлы өмір сүруіне тікелей әсер етеді. Сондықтан, бұл бағыттағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту – уақыт талабы.
Осы орайда, 2025 жылдан бастап Ұлттық жоба аясында облыста жалпы ұзындығы 151,3 шақырым инженерлікжеліні қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Оның ішінде 14,9 шақырымы – жылу, 78,2 шақырымы – суқұбыры мен кәріз, 58,2 шақырымы электр желілеріне тиесілі. Бүгінгі күнге дейін 19,7 шақырым инженерлік желіқайта жаңғыртылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – тек ескірген құбырлар мен электр желілерін ауыстыру ғанаемес, коммуналдық қызметтердің сапасын арттырып, тұрғындарды үздіксіз әрі қауіпсіз қызметпен қамтамасызету. Өйткені инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі күнделікті тұрмысқа да, өңірдің өндірістік әлеуетіне детікелей ықпал етеді.

Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыты – коммуналдық саланы цифрландыру және ресурстарды тұтынуесебін автоматтандыру. Осы мақсатта Абай ауданында су тұтынуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесіненгізу үшін «ақылды» су есептегіштерін орнатуға дайындық жұмыстары басталды. Жобаның құны 1,4 млрдтеңгені құрайды. Мұндай технологиялар су ресурстарын тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға, есепжүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндікбереді.

Алдағы кезеңге арналған жобалар легі де ауқымды. 2027 жылы Ұлттық жоба аясында жалпы құны 70,7 млрд теңге болатын, ұзындығы 373,1 шақырымды қамтитын 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде жылумен жабдықтау саласында 6,9 млрд теңгеге 4 жоба, сумен жабдықтау және су бұру бағытында 18,3 млрдтеңгеге 7 жоба, электрмен жабдықтау саласында 42,3 млрд теңгеге 5 жоба қарастырылған.
Сонымен қатар, 343 млнтеңгеге коммуналдық ресурстарды есепке алу құралдарын орнату бойынша 3 жоба ұсынылған.
Жобаларды жүзеге асыру барысында отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану да басты назарда. Бұл,бір жағынан, ұлттық өндірісті қолдауға ықпал етсе, екінші жағынан, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртукезінде сапалы отандық материалдарды қолдануға мүмкіндік береді.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының су тасқыны және кәріз бөліміжетекшісі Бақытбек Ақпаровтың айтуынша, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту – бір күндік науқан емес,жүйелі әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын маңызды жұмыс.

«Мемлекет басшысы Жолдауында көтерген инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі – бүгінгі күннің ең өзектіміндеттерінің бірі. Себебі жылу, су, электр энергиясы және кәріз жүйелері – тұрғындардың күнделікті өмірінетікелей әсер ететін негізгі салалар. Бұл бағыттардағы кез келген іркіліс халықтың тұрмыс сапасына әсер етпейқоймайды. Сондықтан Ұлттық жоба аясында қолға алынған жұмыстардың маңызы зор.
Қарағанды облысында инженерлік желілердің жалпы ұзындығы 34 мың шақырымнан асады. Олардың тозудеңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Қазірдің өзінде жылу, су, кәріз және электр желілерінқайта жаңғырту жұмыстары басталып, бірқатар нысанда нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Алдағы жылдарғажоспарланған жобалар да осы жұмыстың жалғасы болмақ.
Біз үшін ең бастысы – бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалыорындалуы және нысандардың белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі. Сонымен қатар коммуналдықресурстарды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу арқылы саладағы ашықтық пен тиімділікті арттыруғабасымдық беріліп отыр. Мұның барлығы түптеп келгенде тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуғабағытталған», – дейді Бақытбек Ақпаров.

Шын мәнінде, инфрақұрылымды жаңғырту – тек техникалық немесе құрылыс саласына қатысты мәселе емес. Бұл– тұрғындардың қауіпсіздігі, денсаулығы, тұрмыстық жайлылығы және өңірдің экономикалық дамуы үшінжасалып жатқан маңызды қадам. Ескірген желілерді жаңарту арқылы апаттық жағдайлардың алдын алуға,ресурстардың ысырабын азайтуға және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады.

Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер мен Ұлттық жоба аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардыңтүпкі мақсаты да осы. Қарағанды облысында қолға алынған жобалар алдағы уақытта инженерлікинфрақұрылымның сапасын жақсартып, өңір тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға негізболмақ. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болып, белгіленген жоспарға сәйкес жалғасын табады.

Жәлел ШАЛҚАР
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button