Бас тақырып

Өңірде мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

Бүгін, 29 қарашада, Қарағанды облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы сағат 7:00-ден  басталды. Саяси науқанды ұйымдастыруға өңір бойынша 843 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Олардың құрамында 5 383 адам бар.

Сурет сайт мұрағатынан

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңір мәслихаттарында барлығы 214 депутаттық мандат қарастырылған. Оның 36-сы облыстық мәслихатқа тиесілі. Ал сайлау науқанын өткізу аясында 196 бірмандаттық сайлау округі құрылған.

Айта кетейік, сайлау комиссияларының негізгі міндеті – дауыс беру процесін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып, азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасау.

Жалпыұлттық деңгейде бүгін еліміз бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл учаскелерде азаматтар өз таңдауларын жасап, жергілікті өкілді органдардың жаңа құрамын қалыптастыруға қатысады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button