АймақЖаңалықтар
Алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Бүгін Ақтоғай ауданында сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Сайлаудың алғашқы сәтінен-ақ азаматтық белсенділік танытқан тұрғындар дауыс беруге келді.

Алғашқылардың бірі болып Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі №401 сайлау учаскесінде ауыл ардагері Қойшыбек Рысбеков өз таңдауын жасады.

– Ел болашағы үшін әрбір азаматтың дауысы маңызды. Сондықтан сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасауды азаматтық парызым деп білемін. Барша жерлестерімді белсенділік танытып, дауыс беруге шақырамын, – деді Қойшыбек Рысбеков.
Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
Ақтоғай ауданы.



