Бас тақырып

Таңмен таласқан таңдау

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Таңғы сағат жетіден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте орналасқан №35 және №36 сайлау учаскелеріне де таңмен таласа өз таңдауын жасауға тұрғындар көптеп келуде.

Сурет автордан

Сағат тілі таңғы жетіні көрсеткенде Мемлекеттік Әнұран шырқалып, дауыс беру ресми түрде басталды. Саяси науқанға әзірлігін пысықтаған учаскелік сайлау комиссиялары белгіленген кестеге сәйкес жұмысқа кірісті.

– Жұртымыздың таңдауы елімізге береке әкелсін дейміз. Өйткені, әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына ықпал етеді. Учаскемізде комиссия мүшелері сақадай сай. Дауыс беруге келген азаматтарды күні бойы қабылдап, өз міндетімізді белгіленген тәртіпке сәйкес атқаруға әзірміз, – деді №36 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мәдина Нәжмәдин.

Таңғы уақыттан азаматтық ұстанымын білдіруге асыққан тұрғындар дауыс беріп, өз таңдауын жасауда. Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін де айта кету керек.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,
«Ortalyq Qazaqstan»

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button