ЖаңалықтарСпорт

Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қарағандылық үстел теннисі шебері Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сурет ҰОК

Жерлесіміз жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен. Алайда, финал жолдамасы үшін бәсекеде Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен есе жіберіп, чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Бұл — Аланның жастар арасындағы әлем біріншілігіндегі алғашқы табысы емес. Бұған дейін 2022 жылы да дәл осы деңгейдегі жарыста қос бірдей жүлдеге қол жеткізген болатын. Атап айтсақ, аралас жұптық сында топ жарып, чемпион атанса, жекелей сында қола медаль иеленген еді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button