ЖаңалықтарСпорт

Екінші мәрте әлем чемпионы атанды

Бұқар жырау ауданындағы Үміткер ауылының тумасы, Қарағанды қаласындағы 6697 әскери бөлімінің жасақ офицері, капитан Ержан Сағатұлы Әбікеев Түркияның Мерсин қаласында өткен «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жегінен топ жарып, екінші мәрте әлем чемпионы атанды.

27 жастағы Ержан Сағатұлының спорттық жолы жеңістерге толы. Бұған дейін де ол қоян-қолтық ұрыс пен әмбебап жекпе-жектен республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

Атап айтқанда, 2018–2023 жылдары Шымкент қаласында өткен Ұлттық ұлан біріншіліктерінде қоян-қолтық ұрыстан жүлдегер атанды. Ал 2019 жылы Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы спорт түрінен ел чемпионы атанып, 2022 жылы Қазақстан кубогын иеленді.

2022–2025 жылдары Алматы, Заречный және Талдықорған қалаларында өткен Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болды. 2024 жылы Ресейдің Саратов қаласында «UNIFIGHT» әмбебап жекпе-жегінен алғаш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сондай-ақ 2025 жылы Атырау қаласында өткен «Динамо» біріншілігінде, ал 2026 жылы әмбебап жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ержан Әбікеевтің Түркия төрінде екінші мәрте әлем чемпионы атануы, әскери қызмет пен спортты қатар алып жүрген табандылығы және жеңіске деген жігері өскелең ұрпаққа үлгі.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Автор: Ержан ИМАШ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button