Ұлттық ұлан сарбаздары сайлауда
Бүгін Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Осы маңызды қоғамдық-саяси науқанға Қарағанды қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де белсенді қатысты.

Әскери бөлімнің жеке құрамы сайлау учаскесі ашылған сәттен бастап азаматтық міндеттерін орындауға асығып, алғашқылардың қатарында дауыс берді. Әскери қызметшілер белгіленген тәртіппен өз таңдауларын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуға мүмкіндік алды.

Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып жүрген сарбаздар үшін ел болашағына қатысты қоғамдық өмірге араласу – азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі. Олар әскери қызметпен қатар, Қазақстан азаматы ретіндегі құқықтары мен міндеттерін де ұмытпайды.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының әрбір азаматының сайлау құқығы заңмен қорғалған. Ал, әскери қызметшілердің сайлауға қатысуы олардың азаматтық ұстанымын білдіруге берілген маңызды мүмкіндік.

6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері осылайша сайлау науқанының алғашқы сәттерінен бастап азаматтық белсенділік танытып, дауыс беру рәсіміне қатысты.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



