ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық дзюдошы әлемдік додада топ жарды

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Санжар Еруланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Сурет ҰОК

Санжар финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі медаль еншіледі бар. Бұған дейін 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болған еді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Испания өкілі Никита Юдановты жеңді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button