Ел болашағы үшін таңдау жасады
Балқаш қаласында барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. №204 сайлау учаскесіне келіп, білім саласының ардагері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Берікбол Ботайұлы өз таңдауын жасады.

Ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, білім беру саласында абыройлы еңбек еткенардагер сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

– Сайлау – ел болашағына ықпал ететін маңызды науқан. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, елдің ертеңі үшін дауыс беруі керек. Өйткені, мемлекетіміздің дамуы мен қоғамның өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан, әрбіртұрғынның азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы маңызды, – дейді Берікбол Ботайұлы.
Білім саласының ардагері ретінде ол елдің тұрақты дамуы мен келер ұрпақтың жарқын болашағына сенім білдірді.
Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
«Ortalyq Qazaqstan»



