Қарағандыда қар жауып, көктайғақ күтіледі
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі, деп хабарлайды Оrtalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Ал, Қарағанды мен Павлодар облысында көктайғақ болады.
Еліміздің бірқатар өңірінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Әсіресе Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында жел екпіні күшейеді.
Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе және басқа да өңірлерде тұман күтіледі. Жезқазған мен Талдықорғанда жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.



