Білім

Грантқа түсу мүмкіндігі артты

ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант конкурсына өткізуге болады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Ortalyq.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– ҰБТ жылына 5 рет өтеді. Ақылы негізде оқуға қатысты тестілеу қаңтар, наурыз, тамыз айларында қамтылады, ал грант конкурсына қатысу үшін мамыр-маусым айларында, яғни қазір өтіп жатқан негізгі ҰБТ нәтижесі қабылданады, – деді Қ. Ерғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл талапкерлер ҰБТ-ны 2 рет қаңтар және наурыз айларында тапсырды. Қаңтардағы ҰБТ-ға 123 мың адам қатысып, оның 83%-ы шекті балл жинады. Наурыз айында 111 мың бала қатысып, оның 78%-ы шекті деңгейден өтті.

– Негізгі ҰБТ-ның маңызды артықшылығының бірі – оны тапсыруға екі мүмкіндік беріледі. Осы орайда тест тапсыратын бала ең жақсы нәтижені грант алу үшін конкурсқа жолдай алады. Биыл бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілді, – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 18 мамырда осы жылдағы негізгі ҰБТ басталды және ол 5 шілдеге дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button