Аралас жауынгерлік жекпе-жек сайыстан (ММА) Астана қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Нұра ауданының түлегі Сәбит Әлішер күміс жүлдегер атанды.

Әңгіме болып отырған республика біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық спортшы қатысып, өзара белдесуде кіл мықтыны анықтаған еді. 18 жастан жоғары жас санатында 77 килограммдық салмақ дәрежесінде Ахмет аулының спортшысы Сәбит Әлішер жоғары нәтиже көрсетіп, ақтық сынға дейін жетті. Ол чемпионат барысында 4 жекпе-жек өткізіп, белдесу кезіндегі шеберлігі мен қайсар мінезінің арқасында еліміздің күміс жүлдегері атанды.

Шығар биігі әлі алдында тұрған Әлішерден жерлестері жаңа жеңістер күтеді.
Ермек БАЛТАШҰЛЫ
Ortalyq.kz



