Теміртау татамиіндегі тартысты турнир тәмамдалды
Теміртау қаласының “Qarmet” спорт кешенінде 20-24 қазан аралығында дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдарханов марқұмды еске түсіруге аяқталған “Магнитка оттары халықаралық турнирі тәмамдалып, жеңімпаздар анықталды.

Аталған спорт нысанының 3 татамиінде бес күн бойы белдескен әлемнің 6 елінің 15-16 жастағы балғын дзюдошылары 16 салмақ санатында бақ сынасып, олардың арасынан айласы мен күшін асырғандар жеңіс тұғырына көтерілді.

Атап айтқанда, командалық есеп бойынша жүлделі І орын Абай облысының, ІІ орын Өзбекстан, екі ІІІ орын Атырау облысы мен Қарағанды І дзюдошылар құрамаларына бұйырды.

Ал жекелеген салмақ санаттарында күреске түскен ұл қыздар арасынан да алғашқы үш орынға ие болғандар мен командалық жарыста жеңіске жеткен құрамаларға ,бұдан бұрын жазғанымыздай, ақша сертификаттары мен дипломдар табыс етілді.

Ержан ИМАШ
ТЕМІРТАУ



