Қарағанды педагогтері Жолдауға үн қосты
Бүгін Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагық ұжымы мен студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің жуырдағы халыққа Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен кездесті.

Осы ақпараттық-насихат тобы құрамында Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Айсұлу Сүлейменова, Александр Данилов, Экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Виталий Тварионас, Увайс Джанаев, Виталий Хмелевский бар.
Кездесуде Мемлекет басшысының Халыққа “Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері” Жолдауының негізгі бағыттарын бірлесе талқылап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жас мамандарды даярлау мен жастардың кәсіби жетілуіне жаңа мүмкіндіктер тудыру мәселелері ортаға салынып, өзара пікір алмасты.
Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Жолдауда айтылған халықтық цифрлық экономика мен жасанды интеллект мәселелеріне назар аударды.
– Жасанды интеллект адамға қандай нәтиже беруімен өлшенеді. Біз осы салада отандық мамандарымызды көбірек дайындауымыз керек. Цифрландыру нәтижесінде оның халыққа және экономикаға қандай әсер ететінін ойдан шығармайық, – деді.
Ал Құрылтай депутаты Александр Данилов Жолдаудың негізгі бағыттарына, соның ішінде “Халықтық құрылыс” мәселесіне тоқталды. Бұл үлкен бағдарламаны жүзеге асыру барысында қаншама жаңа жұмыс орындары ашылып, қанша адам баспаналы болатынын атады.

Бизнеске 3 жыл мораторий жарияланғанда кәсіпкерлік тынысын ашатыны айтылды.
Бұдан кейін Экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Жолдауда айтылғандай, халықтың табысын арттыру, салық салу жүйесі мен көлік инфрақұрылымын жетілдіріп, инфляцияны ауыздықтау, инфляция тарту туралы талдап, сол бойынша өз министрліктерінде қолға алынып, атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.
Ендігі кезекте Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Виталий Тварионас пен Увайс Джанаев және Виталий Хмелевский Жолдауда көтерілген мәселелер тікелей халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартуға бағытталғанын еске салды. Оны жүзеге асыратын жастардың жақсы оқып, білімді және адал азамат болып өсуіне тілек білдіріп, елдегі татулықтың іргесін шайқалтпай, Тәуелсіздігімізді нығайта беруге шақырды.
Кездесу соңында ақпараттық-насихат тобының мүшелері оқытушылар мен студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.
Ержан ИМАШ
Ortalyq.kz
САРАН


