Жаңалықтар

Ерлан Сағадиев Қарағандыға келді

Кеше ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ жұмыс сапарымен Қарағанды қаласына келіп, Назарбаев зияткерлік мектебінің мәжіліс залында ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан xалқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев жүргізіп отырған кездесуге жергілікті атқарушы органдардың, педагогикалық ұжымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мұндағы басты мақсат – Елбасы Жолдауының басым бағыттарын xалыққа жеткізу мен Жолдау аясында білім беру саласының әрі қарай дамуына талдау жасау, облыстың білім беру саласындағы жетістіктерімен танысу. Сондай-ақ, сапар барысында Ерлан Сағадиев өңіріміздегі бірқатар білім беру мекемелерінің қызметімен танысып, жүргізіліп жатқан жұмыстарға зер салды.

Министрдің жұмыс сапары туралы кеңейтілген ақпарат газетіміздің келесі санында жарық көретін болады.

Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button