Бас тақырыпОблыс әкімі

Батырлар марапатталды

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қарағандыдағы №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғаныс старшинасы Александр МИНАЕВҚА «Ерлігі үшін» медалін табыс етті. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің екі қызметкері Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік наградаларға ие болды.

Александр Минаев көпқабатты үйдегі өрттен екі баланы құтқарған. Төтенше жағдай биыл наурыз айында Қарағанды қаласындағы Резник көшесінде орын алған.

Үйдің кіреберісі қою түтінге оранғанын көрген старшина баспалдақпен көтеріліп, үшінші қабаттағы балконнан сәбилерді төменге түсірген. Ол он жылдан астам азаматтық қорғаныс органдарында қызмет етіп келеді және осы жылдар ішінде өзін үздік құтқарушы ретінде көрсете білген.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінде облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті өрт сөндіру және апаттық- құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Иван Комаровқа және Қарағанды қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, аза- маттық қорғаныс аға сержанты Бақытжан Сәдуовқа наградалар табысталды. Иван Комаров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, Бақытжан Сәдуов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Қызмет басшысы мен қатардағы қызметкер төтенше жағдайларда, ауруханада және биік ғимараттардағы өртті сөндіру кезінде талай мәрте батылдық танытқан. Бақытжан Сәдуов жанып жатқан көпқабатты үйдің сегізінші қабатынан адамдарды байқап, құтқару операциясын ұйымдастырып, оған өзі қатысқан. Жүргізуші екі баланы төмен түсіріп, аман алып қалған.

Иван Комаров өрт кезінде профессор Х.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында қол астындағылардың жұмысын басқарып, жеке құрамды шебер жұмылдыра білген. Сауатты ұйымдастырылған іс-әрекеттердің арқасында ешбір адам зардап шеккен жоқ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button