Руханият

Бүгін – Қаныш Сәтбаевтың туған күні

Бүгін – қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде бұл күн – Қазақ ғылым қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Күнтізбе 2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың бастамасымен таныстырылды.

Сурет: adyrna.kz сайтынан

Ғылымның тербеп бесігін,
Бойында ойы жалындар.
Тарихтың тылсым есігін,
Тартады тілге ғалымдар.

Бұлқынып жүрек,жанымен,
Көңілде толқып дара мұң.
Беріден тіпті әріден,
Қаузайды ғасыр парағын.

Ғылымның сіңсе жұпары,
Ғалымның сөзі – көрнекті.
Тұғыр ғып бізге тұтады,
Бабалар тұтқан өрнекті.

Жаңалық тапса өрелі,
Ілкіп ап сөздің қаймағын.
Сәуле ғып содан төгеді,
Ескінің есті байламын.

Ой түйіп айтса сәтімен,
Оған да қажет зергерлік,
Ғалымның жазған хатымен,
Тарихтың тілін меңгердік.

Құптаймыз заңғар ғалым деп,
Ғылымға қосты үлгіні.
Дүниеге келген дарын боп,
Ер Қаныш аға бұл күні.

Енді де құтты қадамға,
Сәуле боп сөнбес шашылды.
Мәшһүр боп аты ғаламға,
Қазақтың даңқын асырды.

«Ғалымның хаты өлмейді»,
Тұтатын бетке салтым сол.
Ғасырлар бойы өрлейді,
Қаныштар салған даңғыл жол.

Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button